Орнықты дамуды жүзеге асыруға арналған жинақ таныстырылды
Кедейлікті жою, денсаулық сақтау мен білім деңгейін арттыру, су сапасын жақсарту және экономиканы дамыту.
Сенатта Taldau Talks диалог алаңының кезекті отырысы барысында осы мақсаттарды іске асыруға арналған жинақ таныстырылды. Бұл еңбекті Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші кезеңінің түлектері бірлесіп әзірлеген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бұл жинақ Орнықты даму мақсаттарының бес бағыты бойынша теориялық мәнге ғана ие емес. Мұнда 13 зерттеу жинақталған. Бұл отандық экономиканы ілгерілету, кедейшілікті жою, денсаулық сақтау саласындағы сапалы қызмет, білім беру, халықты ауызсумен қамту тетіктері секілді Қазақстанды дамыту жолындағы толып жатқан мәселелеррді қамтиды. Сіздер білесіздер, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орнықты даму мақсаттарына үлкен көңіл бөліп келеді. Оның бастамасымен Парламент Үкіметпен, азаматтық қоғамдастықпен және сарапшылармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл зерттеулер мен талдамалы материалдар орнықты даму мақсаттарына жету үшін депутаттарға, мемлекеттік органдар мен сарапшыларға пайдалы болады.