ШЫҰ саммиті: полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуіне байланысты елорда төңірегіне блок-посттар қойылды.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Елордада өтетін геосаяси маңызы зор ауқымды шараға байланысты полиция қазірден күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Мамандардың айтуынша, бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Полиция мұндай ауқымды шараларда үнемі күшейтілген жұмыс тіртібіне көшеді. Бұл – халықаралық тәжірибе. Біз мұның бәрін ең алдымен халықтың қауіпсіздігі үшін жасаймыз. Мәртебелі меймандар, үлкен делегация келетінін алдын ала ескертеміз. Стратегиялық мекемелер күзетке алынған. Көрші мемлекеттерде болған оқиғаларға байланысты жасақтарымызды діни және өзге де нысандарға жақындаттық.