Парламент қабырғасында 5 бірлескен отырыс өтті
Бұл қос палатаның бесінші бірлескен отырысы. Осы сессияда Мәжілістің 39, Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті.
Оның барлығы 24KZ арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Сессия барысында екі палата 179 заң жобасын қарады. Оның 102-сі қабылданды.
Басты атап өтерлік жайт, депутаттар бірқатар маңызды заң жобасын бекітуде Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді.
8-сайланған парламенттің 2-сессиясында депутаттар 800-ге жуық елді мекенді аралап, 2000-ға тарта кездесу өткізді. Халық қалаулылары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға түрлі мәселе бойынша 727 депутаттық сауал жолдады.