Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Яғни қала көшелері мен әуе кеңістігі толық бақылауға алынады. Әсіресе мешіттер мен шіркеулер жіті назарда болады. Сондай-ақ Қарулы Күштердің авиациясы бүгіннен бастап 1 шілдеге дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Сондықтан қала әкімшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан алдағы іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеді.