Халықтың 68,1% «мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр» деп есептейді

Қазақстандықтардың 68 пайызы "мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр" деп есептейді.

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі осындай. Оған 8 мың адам қатысты. Мәселен, "Отбасыңыздың материалдық жағдайы соңғы бір жылда қалай өзгерді?" деген сұраққа респонденттердің 31 пайызы өзінің және отбасының қаржылық жағдайы "біршама жақсарды" десе, ал шамамен 32 пайызы "өзгерген жоқ, сол күйінде қалды" деп жауап берген. Зерттеу қорытындысы халықтың қаржылық жағдайындағы оң өзгерістерді және ел азаматтарының жоғары әлеуметтік оптимизмін көрсетеді.