А.Балаева қытайлық әріптесі Сунь Елимен кездесті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Аида Балаева Төраға Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары және оның Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысуы қос ел арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Астанадағы Қытай мәдени орталығының сәтті тіркелуімен құттықтады. Қытайдан Қазақстанға қатысты тарихи құжаттар мен жәдігерлерді қайтару бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде көрші елдің Мәдениет және туризм министрі де бірлесе еңбек етуге әзір екенін жеткізді.