Астанаға 700-ден аса шетелдік журналист келді

Бұл апта айтулы оқиғаларға толы өтеді. Себебі бірнеше мемлекеттің басшысы Астанаға келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Сондай-ақ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының нөпірі де елордаға жетіп үлгерді. Қазір 700-ден аса жаңалық жаршысы саммит жұмысынан жаһан жұртына ақпарат таратуға дайындалып жатыр. 

Анас Маллик, Пәкістан журналисі:

- Бұл менің Астанаға екінші мәрте келуім. Алғашында мамыр айында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министірлерінің басқосуында келген едік. Екі сапар да өте маңызды, ақпарат таратудағы жауапкершілік жайында айтпаса да болады. Мен ғана емес мұндағы барлық әріптестерім әр сөзін саралап, «жеті өлшеп, бір кеседі». Біздің саммиттегі басты міндетіміз шынайы әрі жедел ақпарат тарату.