Қазақтың тұңғыш дипломаты
36 жасында елші атанып, мемлекеттер арасында қарым-қатынас орнатқан кәсіби маман.
Иә, бұл – Нәзір Төреқұлов. Алаштан шыққан тұңғыш дипломат. Нәзір Төреқұловтың арқасында КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы саяси және сауда байланысы нығайды. Сол кезде қазақ баласы небәрі 36 жаста еді.
Ол 8 тіл білген. 8 жыл Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы елшісі болды. Оның білімі мен кәсіби дағдысына, адамдығына тәнті болған король отбасымен бірге Нәзірге ерекше құрмет көрсетеді
Мадияр Исмаил, ҚР Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшілігінің екінші хатшысы, Н.Төреқұловтың ұрпағы:
- Тарихи деректерді қарасақ, екі жылда, өзінің жүйелі түрде жазып тұратын хатында, Мәскеуге ол өзін осындай қысқа мерзім ішінде дипломатиялық корпустың дуайен деген болады, елшіліктің ақсақалдары. Соның дәрежесіне жеткенін жазады. Бұған өте үлкен мән беруге болады. Өйткені екі жылдың ішінде сондай дәрежеге жетіп, қандай да бір ресми салтанатты іс-шара болсын, сол елдің билеушісімен бірге оң қолда бірінші болып шетел елшілерінен дуайен отырады.
Оның ел арасындағы беделі 1932 жылы КСРО-ға Сауд Арабиясының болашақ королі Ханзада Фейсалдың сапарынан-ақ байқалды. Тек Сауд Арабиясы ғана емес Таяу Шығыс елдерінде де беделі биік еді.
Мадияр Исмаил, ҚР Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшілігінің екінші хатшысы, Н.Төреқұловтың ұрпағы:
- Кеңес үкіметінің өкілдігі тек қана осы Араб түбегінде болғаннан кейін, ол кезде, 20-жылдары Йемен деген ел өте күшті ел болып тұрды. Сондықтан Африка, солтүстік Африка, Алжир, Египет, Тунис сынды араб елдері бар. Олармен де байланысы күшті болған. Йордания, Сирия, Шам елдері дейді оларды. Олармен де байланыста болған.
Ұлт зиялыларын қынадай қырған жылдары Нәзір Төреқұлов та аман қалмады. 1937 жылдың 3 қарашасында ату жазасына кесілген.
Омар Жексенбаев, Н.Төреқұлов музейінің меңгерушісі:
- Бұл кісінің жаңағы Кеңес үкіметі тұсында елге қайтарып қызметтен босатылғаннан кейін арада 54 жыл салып ешқандай Сауд Арабиямен Ресей арасында дипломатиялық байланыс болмайды. Оның байланыс болмауының себебі ол кісінің абыройының арқасында білімінің арқасында болса, ол кісінің нақақтан-нақақ атылуына байланысты ешқандай елшіні қабылдамайды.
Ол елшілік қызметтен бөлек, ағартушылық саласында да қызмет етті. Елдегі алғашқы баспагерлердің бірі. Латын әліпбиіне көшуді ұсынғандардың алғашқысы да Нәзір Төреқұлов болатын.
Зарина Кәп, Жандос Жұмабай, Диас Ковланбаев, 24.KZ