Астанаға Моңғолия президенті келді
Моңғолия Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді.
Ухнаагийн Хүрэлсүхті Елорда әуежайынан Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.
Моңғолия президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.
Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.
Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн.
2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 133 млн долларға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға артық.