Әзербайжан президенті Астанаға келді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді.

Ол өзге мемлекет басшыларымен бірге Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-отырысына қатысады. Мәртебелі мейманды әуежайдан Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.

Айта кетейік, екі ел арасындағы алыс-беріс айтарлықтай қарқын алған. Мәселен, былтыр  өзара сауда 14,4%-ға өсіп, 529,4 млн долларға жетті. Биыл да тараптардың қатынасында оң өзгеріс бар. 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға өскен. Ол 184,9 млн доллар.

Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы қазақстандық мұнайды Еуропаға  жеткізудің негізгі көзіне айналған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.