Астанаға Пәкістан Премьер-министрі келді

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шариф те Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

Елорда әуежайында оны Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Бүгінде екі ел халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын дамытуда. Сондай-ақ Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын ілгерілетуге көңіл бөлініп отыр. Екі ел үшін IT-индустрия саласы да перспективалы бағыт саналады.