Өзбекстан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысуға келді
Бүгін Астанаға Өзбекстан президенті келді, деп хабарлайды 24kz.
Шавкат Мирзиёевті әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Аталмыш ел бұл ұйым құрылғаннан бері қатысушылар қатарында. Әрі ол Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазақ елінің Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-і Өзбекстанмен байланысты. Былтыр екі мемлекет арасындағы өзара сауда көлемі 4,5 млрд доллар болды.