Э.Рахмон: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы табысты өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Тәжікстан Президенті Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы табысты өткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Шанхай ұйымының беделді ортаға айналғанына Тәжікстанның қосып отырған үлесі орасан зор екенін жеткізіп, алғысын білдірді. Себебі ұйым құрылған 1996 жылы бұл істің бастауында болған санаулы президенттердің бірі Эмомали Рахмон еді.