Қ.Тоқаев Қатар Әмірімен кездесті
Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысуға арнайы келген Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қатар – еліміздің ең жақын серіктестерінің бірі», деді. Ал, Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысу зор мәртебе екенін жеткізді. Тараптар Дохадағы кездесуді де асқан ықыласпен еске алды. Қатар әмірі екі елдің әлі де ауқымды жұмыс атқаруға, соның ішінде экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға тиіс екенін алға тартты. Әңгімелесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзге де өзекті мәселелерге назар аударылды.