Сарапшы: ШЫҰ саммитінде маңызды мәселелер шешімін табуы тиіс

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Қазақстанда өтуі – маңызды деп айтуға болады.

Себебі отырыста бірлік пен қаупісіздікті нығайту үшін стратегиялық мәселелер талқыланады. Пәкістанның Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының президенті осылай дейді. Фархат Асифтің айтуынша, биылғы жиын геосаяси шиеленіс пен өзгерістер кезеңінде өтіп жатыр. «Сондықтан бұл күн тәртібінде көрініс тапқан проблемаларды барынша түсініп, оның алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Фархат Асиф, Пәкістан Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының президенті:

- Саммиттегі басым тақырыптар лаңкестікпен күрес, экономика, сауда және инвестиция салалары болып табылады. Сондай-ақ биыл Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелігіне кіреді деп жоспарланып отыр. Бұл жиында маңызды стратегиялық мәселелер талқыланып, проблемалардың шешімі табылады деп айта аламыз.