Беларусь – ШЫҰ мүшесі
Беларусь елі Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шараларына 2010 жылдан бері диалог бойынша серіктес ретінде қатысып келеді.
2015 жылы ұйымның байқаушы-мемлекет мәртебесіне ие болды.
2022 жылдың 16-қыркүйегінде Самарқанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті қорытындысында Беларусь Республикасын ұйымға мүшелікке қабылдау жөніндегі рәсімді бастау туралы шешім қабылданды. Осы процесс аясында Беларусь 40-тан астам Келісімге қосылды. Енді, ұйымға байқаушы ел ретінде Ауғанстан мен Моңғолия қалып отыр.
Айта кетейік, Беларусь президенті Александр Лукашенко бұған дейін берген сұхбатында: Шанхай ынтымақтастық ұйымы біз үшін халықаралық ұйым ғана емес, бұл – ең алдымен, сауда-экономикалық, инвестициялық және ақпараттық-коммуникациялық салаларды дамытудағы стратегиялық мүмкіндік – деген еді.