Астанадағы ордалы отырыс «ШЫҰ плюс» саммитіне ұласты
Астанадағы ордалы отырыс «ШЫҰ плюс» саммитіне ұласты.
Жиынға мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық геосаясатқа тоқталды. Мәселені мәмілемен шешудің жолын ұсынды. Сауда қатынасына да тоқталды. Бірлестікке мүше елдер бірлесе дамып, экономикада жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуі тиіс. Өзге мемлекеттердің басшылары да негізінен саяси оқиғаларға тоқталды. Экология тақырыбы да көп айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Шанхай ынтымақтастық ұйымы өз беделімен, елеулі экономикалық және адами ресурстарымен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізіп, заманауи сын-қатерлерді еңсеру үшін тиімді шешімдер әзірлей алады. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде көтерген «Көп жақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» атты ұраны ортақ миссиямыздың мән-маңызын айқын көрсетеді.