Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуеті
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің отырысында 25 құжатқа қол қойылды.
Оның ішінде Астана декларациясы мен мемлекеттер басшыларының 3 мәлімдемесі бар. Құжаттар жаһандық бірлік, бейбітшілік, ұйымның даму стратегиясы, экология және ақпараттық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселерді қамтиды. Халықаралық ұйымға Беларусь Республикасы қосылып, ұйымға мүше елдердің саны онға жетті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалығы Қытай Халық Республикасына өтті.
ШЫҰ Астанадағы саммиті
25 құжат
Астана декларациясы
3 мәлімдеме
Беларусь Республикасы қосылды
Ұйым құрамында - 10 ел
Ұйым төрағалығы ҚХР-ға өтті
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша былтыр әлемдік жалпы ішкі өнімнің 24 пайызы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы елдерге тиесілі болды. Яғни 25 трлн долларға жуықтаған. Қазақстанның дәл осы халықаралық ұйымдағы мемлекеттермен тауар айналымы 66 млрд долларға жетті. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 56 пайызға көп. Еліміздің ең ірі сауда серіктесі Қытай.
ШЫҰ экономикалық әлеуеті
ЖІӨ - $24,5 трлн
Әлемдегі үлесі - 24%
Қазақстанның тауар айналымы - $66 млрд
5 жылдағы өсім - 56,5%
Ең ірі сауда серіктесі Қытай