Мемлекет басшысы Моңғолия Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентімен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымы плюс» форматындағы отырыстың табысты өтуіне конструктивті үлес қосқаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Моңғолия еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі, бізді ортақ мәдени-тарихи құндылықтар мен дәстүрлер байланыстырады, деді. Ухнаагийн Хурэлсух өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевты Моңғолияға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшысы бұл шақыруды зор ықыласпен қабыл алатынын айтты.