Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен кездесті.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің құрметті қонағы болғаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны және Қазақстан астанасында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағы ескерткішінің ашылуына жеке қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көп жақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет. Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор. 

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне құрметті қонақ ретінде шақырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы халықаралық құрылымда бейтарап Түрікменстанның пікірін айту мүмкіндігіне ие болдық. Өзіңіз атап өткендей, энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде мол әлеуетіміз бар.