Жақсылықов ТМД Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты
Минскіде ТМД-ға мүше елдердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасы мақұлданды.
Сондай-ақ Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Кеңес отырысына Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов та қатысты.
Бұл кездесу Беларусь елінің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай республика сарайында салтанатты концерт, ал "Минск – батыр қала" ескерткішінің маңында әскери шара өтті.