Астана саммитінің нәтижелері мен қорытындылары. LIVE

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл келісімдер ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-логистикалық, инвестициялық ,энергетикалық, қауіпсіздік, мәдени байланыстарды арттыруға бағытталған. Құжаттарда қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды өңдеу мәселелеріне де айрықша мән берілген.

Аталған келісімдер жайында қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жансая Нұралиева ой-пікірімен бөліседі.