Сарапшы: ШЫҰ-ны жаңарту ынтымақты арттырады

Ресей саясаттанушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ-ының хатшылығын күшейтіп, құрылымды трансформациялау туралы ұсынысын жан-жақты талқылап жатыр.

"Жоғары Экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетіндегі департамент басшысының орынбасары Дмитрий Новиковтың айтуынша, Қазақстан Президентінің бастамасы "ШЫҰ плюс" форматындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Дмитрий Новиков, "Жоғары экономика мектебі" ҰЗУ Халықаралық қатынастар департаменті басшысының орынбасары:

- Шынымды айтсам, мұндай ауқымдағы маңызды іс-шараның соңғы рет қашан өткені есімде жоқ. Бұл әрине Астананың дипломатиялық күш-жігерін аңғартады. Сондай-ақ Қазақстан өңірлік мәселелермен тұйықталмай, оларды жаһандық тұрғыда талқылай алатынын көрсетті. Мұндай ірі бастамаларды жоғары бағалау керек.