Сарапшы: Саммит шешімі Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырады

ШЫҰ саммитінде қабылданған терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.

Ресейлік саясаттанушы Игорь Филькевич осылай дейді. Ол сондай-ақ Қазақстанның Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы бастамасының маңыздылығын атап өтті. Қауіпсіздікті нығайту Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің Қазақстан арқылы Ауғанстан, Үндістан және Таяу Шығыс елдеріне ашылатын бағыттың дамуына серпін береді дейді сарапшы.

Игорь Филькевич, саясаттанушы:

- Ауғанстандағы жағдайға қатысты шешім қабылдау күллі әлем үшін өте маңызды. Қазақстан түрлі жанжалдарды реттеуге белсенді түрде атсалысып келе жатыр. Әрине бұл Қазақстан Президенті Тоқаевтың халықаралық қауымдастық алдында беделінің жоғары екенін көрсетеді.