Сарапшы: Астана саммитінде Қ.Тоқаевтың цифрландыру мәселесіне тоқталуы өте өзекті

Бүгінде әлем елдерінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады.

Ол экономиканың барлық саласын қамтыған, онсыз ілгерілеу жоқ. Осы орайда Астана саммитіндегі Қазақстан Президентінің цифрландыру мәселесіне тоқталуы өте өзекті. Бұл – Қорқыт ата атындағы Османие университетінің оқытушысы Фатих Чағатай Баздың пікірі. Оның айтуынша, цифрлық теңсіздікті қысқарту – заман талабы.

Фатих Чағатай Баз, IT инженері:

- Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті қортындысымен таныстым. Өзекті мәселелер жөнінде нақты шешімдер қабылдаған. Әсіресе, цифрландыру, цифрлық экономиканы дамыту және нақты цифрлық технологияларды енгізу тағысын тағы. Сондай-ақ Астана декларациясында қабылданған киберкеңістік қауіпсіздігі мемлекеттің егемендігін құрметтеу қағидаттары негізінде құру керектігі жөнінде қабылданған шешім заман талабы. Осы тұрғыдан Қазақстанды құттықтаймын. Қауіпсіздік үшін армиямыз қаншалықты маңызды болса, күнімізде даму үшін цифрландыруда озық технологияларды қолдану соншалықты өзекті.