«Қазақстан - Еуроодақ» платформасының XV отырысы өтті

Астанада Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен "Қазақстан – Еуроодақ" диалогтық платформасының 15-отырысы өтті.

Оған Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен Еуроодақ елдерінің дипломатиялық миссиялары басшылары қатысты. Отырыста сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жоспары талқыланды. Өз кезегінде Кестутис Янкаускас пен Румынияның Қазақстандағы елшісі Мадалина Лупу бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- ЕО – Қазақстанның ірі әрі аса маңызды инвестициялық және сауда серіктесі. Біз барлық басым бағыттар бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Үкімет елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлестеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалайды. Біз өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарды әрқашан да қолдаймыз.