Душанбеде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының XVIII отырысы өтті деп хабарлайды 24kz.

Оған екі ел Премьер-министрлерінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Хоким Холикзод қатысты. Отырыста қазақ-тәжік арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Тараптар екі елдің білім және ғылым, цифрландыру, туризм бағытындағы іс-қимыл мәселелерін де қарастырды.