Р. Скляр Ақмола облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақмола облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Вице-премьер жоспарлы жұмыстармен танысты. Нысан елдімекендегі тұрғын үйлерді, Заводская кенті мен кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз етеді. Қыс маусымына дайындық шараларына биыл 7,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Қазандық агрегаттары жаңғыртылып, турбогенераторларға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал ұзындығы 7,5 шақырым болатын магистралды жылу желілерін қалыпқа келтіруге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қоса шаһарда 9,6 шақырымды құрайтын жылу желісін реконструкциялау жобасы іске асып жатыр. Роман Скляр Көкшетау қаласында да болып, қазандықтарды қарап шықты. 1500 орындық екі жайлы мектептің құрылысын көріп, белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажет деді.