Үкіметте төтенше жағдайларға ден қою мәселесі талқыланды

Үкіметте төтенше жағдайларға ден қою мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұған дейін анықталған проблемаларды талдау бойынша кеңес өткізді.

Негізгі үш мәселеге басымдық берілді. Атап айтсақ, республикалық және өңірлік штабтардың өкілеттіктерін кеңейту, техника мен жабдықтарды тасымалдау тетігі, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде мүлікті сақтандыру жайы қаралды. Вице-премьер халық пен бизнеске келтірілген залалды өтеу кезінде туындаған проблемаларды ерекше атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібін қайта қарауды тапсырды.