Ақорда резиденциясында Конго президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстанға ресми сапармен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо келді, деп хабарлайды 24kz.

Ақорда резиденциясында мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Содан кейін мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.