Қазақстан – Өзбекстан қарым-қатынасының жаңа кезеңі. LIVE

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас тату көршілік және сенімділік сипатта жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Екі ел де өз алдына жоғары мақсаттар қойып, оң бастамалар жүйелі түрде орындалып келеді. Екі елдің экономикалық, мәдени қарым-қатынасын одан әрі дамыту үшін қандай шаралар қолға алыну керек? Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мамандарының пікірін білмекке студиямызға, Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Әукенді шақырдық.

  1. Қазақстан, Өзбекстанмен тауар айналымын жақында 5 млрд долларға, ал болашақта 10 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда қандай бағыттарды дамыту көзделген?
  2. Өзара саудадағы кедергілерді жою үшін де жұмыс тобы құрылған. UzKazTrade арнаулы бірлескен сыртқы сауда компаниясы құрылды. Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру. Транзиттік-көлік әлеуетін дамытуда да бірнеше жоба бар. Бүгінде «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құры­лысы басталып, «Үшқұдық – Қызылорда» теміржол желісі мен тас жолының жобасы пысықталып жатыр. Сонымен қатар Өзбекстан шекаралас аймақтарда уранды бірлесіп барлау, өндіру және өңдеуге қызығушылық танытып отыр.
  3. Екі ел арасында шекаралық индустриялдық аймақты құру қаншалықты маңызды?
  4. Өндірістік кооперацияны дамыту, бірлескен кәсіпорындарды ашу жұмысы қалай жүзеге асырылып жатыр?
  5. Ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қандай бағыттарды дамыту қажет?
  6. Қазақстан – Өзбекстан шекарасында құрылған «халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы – Орталық Азия» индустриялдық аймағының жұмысы және Өзбекстанның 2009 жылдағы тауар шығарылған елді анықтау туралы Ережесіне көшу мәселелері қалай орындалып жатыр?

Спикер: Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Әукен