Президент мақаласы жарық көрді
Бүгін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды 24kz.
«Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақалада түбі бір туысқан елдердің әлемдік сахнадағы саяси рөлі және экономикалық маңызы жан-жақты сарапталған. Тарихтан тамыр тарқатып, сындарлы сәттер туралы сыр шерткен Мемлекет басшысы мақалада келешекке құрылған жоспар жайлы баяндайды. Ортақ мақсаттарды айқындап, дамудың жаңа кезеңіндегі басымдықтар туралы сөз қозғайды. Түйіні күрмеулі мәселелерді шешудегі қадамдарға жоғары баға береді. Жыл санап нығайып келе жатқан экономикалық байланыстарды бұдан әрі жандандыруға әлеует жеткілікті екеніне сенім білдіреді.