Орталық Азияның саяси салмағы. LIVE
Бүгін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды 24kz.
«Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақалада түбі бір туысқан елдердің әлемдік сахнадағы саяси рөлі және экономикалық маңызы жан-жақты сарапталған. Тарихтан тамыр тарқатып, сындарлы сәттер туралы сыр шерткен Мемлекет басшысы мақалада келешекке құрылған жоспар жайлы баяндайды.
Мақаланың атауының өзі біраз салмақты дүниені аңғартады.
«Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы». Мен өзім осы мақаланы оқи отырып, осы бір маңызды сөйлемдерді түртіп алдым.
1. «Орталық Азия бестігін» Еуразия құрлығының төрінде тұрақты дамып келе жатқан бақуатты елдер деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең болатыны айдан анық. Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыс та бірін-бірі толықтырып отыратыны сөзсіз. Президенттің осы мақаласына деген сіздің пікіріңіз қандай?
2. Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады деді. Бұл туралы не айтасыз?
Спикер: Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы.