Орталық Азия елдерінің халықаралық қауымдастықтағы рөлі. LIVE
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
- Президенттің жазуынша, дамудың жаңа тарихи кезеңінде Орталық Азия елдері көптеген сынақ пен қиындықты бастан өткерді. Алайда бестікке кіретін елдер өздерінің қалыптасқан дербес мемлекет екенін дәлелдеді. Сіздің ойыңызша, Осы Орталық Азия елдерінің халықаралық қауымдастықтағы орны мен рөлі қандай?
- «Орталық Азия +» форматының саяси салмағы қандай?
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымы 25%-ке өсті. Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдерімен саудасы былтыр 26,8%-ке артып, 8 миллиард долларға жетті. Бірлескен ірі жобалар Орталық Азия экономикасының дамуына қаншалықты үлесін қосты?
4.Орталық Азия аймағы күн өткен сайын жаһандық көлік қатынастарының басты тармағына айналып келеді. Бұл ретте ең алдымен Қытайдың бастамасымен қолға алынған, болашағынан зор үміт күттіретін «Бір белдеу, бір жол» жобасын және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін атап өтуге болады. Мемлекет басшысы Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін ашу қарастырылып жатыр деді. Бұл қадам қандай жетістіктерге жол ашады?
- Соңғы жылдары аймақтағы барлық ел су тапшылығын көріп отыр. Осы ретте мақалада Аралды құтқару жөнінде әңгіме өрбиді. Сәйкесінше, Халықаралық су-энергетика консорциумын бірге құруды ұсынды. Бұл бастама су тапшылығын жоюға мүмкіндік бере ме?
- Мемлекет басшысы мақалада «Алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең болатыны айдан анық», - деп шегелеп жазды. Осы сөйлемнен қандай ой түйдіңіз? Бізді алда не күтіп тұр?