Астанаға Әзербайжан президенті келді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды 24KZ.

Мәртебелі мейманды Үкімет басшысы Олжас Бектенов елорда әуежайында күтіп алды.

Айта кетейік, аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған бұл шара 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.