Қ. Тоқаев пен Ш. Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі шешімді және сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекітті. Сондай-ақ Өзбекстан президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында екіжақты ынтымақтасты арттыруға бағытталған 12 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім, екі ел үкіметтері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралардың жоспары бар. Бұдан бөлек, Астана қаласы әкімдігі мен Ташкент қаласының хокимияты арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспары бекіді. Келісімдер екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларын кеңінен қамтып отыр.