Орталық Азияда бірегей ІТ экожүйе құрылып жатыр
Бүгінде Орталық Азияда мемлекеттік басқару секторы мен электрондық сауданы жаңғыртуға мүмкіндік беретін бірегей ІТ экожүйе құрылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің Жапониямен жасанды интеллект технологияларын енгізу, дата-орталықтар салу, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастығы барлық тарап үшін жемісті болуы мүмкін. Бұл туралы «Орталық Азия + Жапония» бизнес-форумында айтылды. Премьер-Министр Олжас Бектенов қатысқан жиынға Орталық Азия елдері мен Жапония делегацияларының 450-ден астам өкілі жиналды. Үкімет басшысы озық технологиялар және қосылған құны жоғары өнімдер өндіру саласына назар аударды. Бұл бағытта бірлескен инновациялық кластерлер, технопарктер мен инкубаторлар құру мүмкіндігі атап өтілді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Жапония жаһандық ауқымдағы экономикалық және технологиялық көшбасшылардың бірі саналады. Жапон компанияларының өнімдері өзінің сапасы, сенімділігі және инновациялық жаңашылдығымен танымал. Бүкіл әлемдегі адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға баға жетпес үлес қосып, прогрестің алдыңғы қатарына шыққан мемлекет. Өз кезегінде, Орталық Азия – бұл қарқынды дамып келе жатқан аймақ, оның даму қарқыны жоғары және жан-жақты ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалған