Биыл елімізде он бір мың тонна уран өндірілді
Биыл елде 11 мың тонна уран өндірілді.
Ал уранды сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтаған. Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған «Қаз-атом-өнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді. Ол Президентке жартжылдықтың есебін берді. Сондай-ақ минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытындағы жобаларды айтты. Геологиялық барлау жайы да талқыланды. Одан бөлек "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін хабарлады. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлауды және ресурстық базаны толықтыруды тапсырды.
Мейіржан Юсупов, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы