Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері Альберт Раумен кездесті
Қостанай облысында ауыр жүк көлігінің жүргізушілері Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раумен кездесті.
Онда Соколов - Сарыбай тау - кен комбинатының жұмысшылары зейнетке ерте шығу мәселесін көтерді. Биыл мұндай мүмкіндік қауіпті және зиянды жерлерде еңбек ететін адамдарға берілген болатын. Енді олар зейнетке 55 жастан шыға алады. Бірақ бұл тізімге осы салада жүрген жүргізушілер енбей қалған. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Раудың сөзінше, көптің көкейіндегі сұрақ қаралу үстінде.
Альберт Рау, ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары:
- Бұйрық барлық келісімнен өтті. Енді респбубликалық бюджеттік комиссия шығын көлемін есептеп шығаруы тиіс. Оның барысында әр кәсіпорын ескеріледі. Содан кейін барып еңбек министрінің бұйрығы шығады.