Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Келесі аптаның басында Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін тиісті өкімге қол қойды. Ресми мәтінде «Парламент палаталары 2 қыркүйек күні сағат 11:00-де Астана қаласына шақырылсын», – деп жазылған.