Орталықсыздандыру тетіктері

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында басқаруды орталықсыздандыру тетіктері ширап келеді.

Бұл шаралар мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың тиісті саясатты қалыптастыруына және барлық деңгейдегі әкімдердің оны жүзеге асыруға жауапкершіліктерін арттырады. Үкіметтің  21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға берілді. Сонымен қатар ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау, электронды құжат секілді бірқатар саладағы 12 функция өңір әкімдіктеріне қайта бөлінді. Сондай-ақ бүгінде Мәжілісте аймақ әкімдіктеріне 40-қа жуық функцияны  және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға 18 функцияны  беруге қатысты бірқатар түзету қарастырылып жатыр.

Үкімет - 21 функция

Өңірлік әкімдіктер - 12 функция

Парламентте қарастырылып жатыр:

Аймақ әкімдіктері – 38 функция

Жергілікті атқарушы органдар - 18 функция