Қазақстан мен Қатар жемқорлықпен күрес аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Қатар елшісі Абдулла Хусейн Джабермен кездесіп, екі ел басшыларының саладағы уағдаластықтары төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Басқосуда Қатар елшісі агенттік төрағасын қараша айында Доха қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық ұйымындағы жемқорлыққа қарсы органдарының Екінші Министрлік отырысына шақырды. Өз кезегінде Асхат Жұмағали ризашылығын білдіріп, Қатармен бірлікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, ақпанда Мемлекет басшысының Қатарға сапары кезінде екі елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері «Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қойған болатын.