Президент Жолдауының негізгі бағыттары. Ержан Біржанов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында қаржы саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды 24kz.

Солардың бірқатарын нақтырақ талқылау үшін студиямызға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржановты шақырдық.

  1. «Инфляция баяулап, былтырғыдан 2,5 есе төмендеді. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты. Өңдеу өнеркәсібі тау-кен саласымен салыстырғанда жылдам өсіп жатыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Президент сондай ақ елдегі орта тапты күшейте түсу арқылы әлеуметтік теңсіздікті азайтудың да маңыздылығына тоқталды. Осыған қатысты өз ойыңызды атйып кетсеңіз.
  2. Ел Президенті қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтты. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Осы орайда Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керектігін, ал банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Бұл тапсырма қалайша жүзеге асуы мүмкін?
  3. Бізге банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды.

Спикер: Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі.