М.Әшімбаев: Басты міндетіміз – ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру

Парламент Сенатының жаңа сессиядағы бірінші жалпы отырысы алдағы бейсенбі, 5 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Палата спикері Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізіп, алдағы жұмыс жоспары бекітілді. Онда ел Президентінің Жолдауында жүктелген маңызды міндеттерге басымдық беріледі. Сенаторлар стратегиялық бағыттар бойынша іске асырылып жатқан шараларға да назар аударды. Спикер еліміздегі салық жүйесі қайта қаралып, толық цифрландырылатынына тоқталды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімі келесі жылға шегерілді. Жоғарғы палата алдағы жұмыс барысында Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қолға алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміздің биылғы Жолдауында да еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Еліміздегі инвестициялық және бизнес ахуалды жақсартуға, өнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуға арналған бірқатар тапсырмалар берілді. Ақша-несие және фискалды саясат арасында жүйелі жұмысты жолға қою қажет екенін де Президентіміз айтты. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сенат Мемлекет басшысы белгілеп берген барлық бастаманы іске асыруға жан-жақты қолдау көрсететін болады.Әсіресе, тапсырмалар аясындағы заңдардың уақытылы әзірлену мен қабылдануын қамтамасыз ету алдағы уақыттағы біздің басты мақсатымыз.