Мәжіліс төрағасы Жолдау бойынша депутаттарға бірқатар тапсырма жүктеді

Бүгінгі Жолдау қоғамды толғандырып отырған ең өзекті мәселелерге нақты жауап береді. Президенттің ұстанымдары мен бастамалары халықтың сұранысымен толық үндесіп жатыр. Осылай деген Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жасаған Жолдауы бойынша депутаттарға бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды 24kz.

«Барлық түйткіл заңнамалық деңгейде шешілуі керек. Қазір Төменгі палата қарауында бюджет кодексі мен жаңа салық кодексінің жобасы жатыр. Осы құжаттарға қатысты жұмыстар барысында депутаттар Президент айтқан әр мәселені ескеруі керек. Банктер туралы жаңа заң қабылдау және мемлекеттік мекемелерді басқару саясатын жетілдіру де басты назарда болуы тиіс», - деді спикер.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Әр Жолдау ол – алға деген қарқынды ұмтылыс. Президент лауазымына кіріскен күннен бастап Қ.Тоқаев ауқымды стратегиялық реформаларды қолға алды. Бүгінгі Жолдау сол реформалардың жалғасы. Осылайша, Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асуда.