Референдумда дауыс берушілерге бір ғана сұрақ қойылады
«Сіз Қазақстанда атом электр стансысын салуға келісесіз бе?». Референдумда осы бір ғана сұрақ қойылады.
Жалпыхалықтық таңдау шарасы ел Президенті Жарлығы жарияланған күннен бастап, дауыс беруге дейін 25 күнге созылмақ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеді. Жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге 20 күн қалғанда сайлаушылар тізімін нақтылайды. Сол тізім бойынша учаскелік комиссиялар 26 қыркүйекке дейін ел азаматтарына дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлауы тиіс.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Алдағы 1айдың ішінде тиісті мемлекеттік органдар, сарапшылар, ғалымдар тағы сондай белсенділік танытып жүрген адамдар халықтың алдына, нақтылап айтқанда, сайлаушылардың алдына шығып, әңгімесін айтуы тиіс. Сол кезде тиісті сұрақтарды қоюға болады. Нақты біз үшін заңға толық сай Президенттің Жарлығында қойылатын сұрақ белгіленіп отыр.