Елімізде «Байтақ» партиясы жанынан қоғамдық қор құрылды

Елімізде «Байтақ» партиясы жанынан Green Kazakhstan қоғамдық қоры құрылды. Бұл туралы саяси ұйымның баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды 24kz.

Қорға түскен қаржы негізінен қоршаған орта проблемаларын шешуге жұмсалады. Сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттырып, осы бағыттағы іргелі жобаларды іске асыруды мақсат етеді. Болашақта қорды экология саласындағы озық білім мен тәжірибе алаңына айналдыру жоспары бар. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, қордың ұстанымы Президенттің кешегі Жолдауда айтқан тапсырмаларымен үндес.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» партиясының төрағасы:

- Президент халыққа Жолдау кезінде экологиялық бағытқа қатты көңіл бөлді. Біздің тақырымыз экология болғандықтан осы бағытты өте жақсы білеміз. Қазақстанға қазір көп қаражат келіп жатыр. Сол қаражаттарды бізде бір халық сенетін, мемлекет сенетін ұйым жоқ. Ол ашық болуы керек, түскен ақшасы, жіберілген қаражаты.