Қазақстанда аудан және қала әкімдері сайланады
3 жылда 2500-ден аса ауыл әкімі сайланған.
Бұл – Президент тағайындаудан тыйылуға пәрмен бергелі халықтың өзі таңдаған басшылар. Олардың 60%-і бұрын-соңды мемлекеттік қызметте болмаған. Яғни саладағы реформа жаңашылдық пен ашықтыққа үндейді. Сарапшылар осылай дейді. Алдағы уақытта аудан мен қала әкімдері де сайлау негізінде жұмысқа орналасады. Бұл туралы биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы айтқан еді. Сала мамандары мұны да оң өзгеріске балап отыр.
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы:
- Ең бастысы, коммуникация өзгереді. Қазір билік пен халықтың ортасында жаңа коммуникация қалыптасуы керек. Неге? Мына әкім сайланғаннан кейін ол қашанда сайлаған адамдардың мәселесін шешуге міндетті түрде ұмтылады ғой. Себебі енді саяси салмағын да өсіру үшін олар міндетті түрде адамдармен тікелей қатынасу керек.