Қарағандылық кенші Жолдауға қатысты пікірін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.

«Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Жалпы жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысының Жолдауын арнайы тыңдау үшін Астанаға келген қарағандылық кенші Даниель Диль өзінің алған әсерімен бөлісті. Ол – Костенко шахтасының тау-кен жұмысшысы, спорттық акробатикадан әлем чемпионы. Кеніште еңбек етіп жүргеніне 7 жыл. Жолдауда өндірістегі қауіпсіздік, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың мәртебесін көтеруге қатысты мәселер кеңінен қамтылғанына дән риза.

Даниель Диль, Костенко шахтасының кеншісі:

- Кеншілер әулетінде туып өскендіктен, еңбек адамдарын осылай айрықша қолдағаны мені қатты қуантты. Президент Жолдауында жұмысшылар мәртебесін көтеруге қатысты айтқан пікірін сол жерде отырып тыңдағанымда тебіреніп кеттім. Келер жылды жұмысшы мамандықтарының жылы деп ерекше жариялауының өзі бізді айтарлықтай жігерлендіріп қойды. Қазір жұмысымыз жайлы, өндірістік қауіпсіздікке, еңбек жағдайына көңіл бөліне бастады.