Нұрлан Әбдіров Атырауға жұмыс сапарымен барды

Атырауға Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды 24KZ.

Сапар аясында аудандық, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жергілікті басқарма басшыларымен кездесу өтті. 6 қазанда өтетін республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, оны ұйымдастырудағы кейбір өзгерістер туралы айтты.

Жалпы облыста 9 аумақтық, 269 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс істейді. Облыс бойынша саяси науқанға қатысу құқығы бар сайлаушылардың толық тізімі 16 қыркүйекте нақты белгілі болады

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

- 5 шілде күні қолданыстағы ҚР референдум туралы конституциялық заңына өзгерістер енгізілді. Сондықтан қазіргі жұмысымыздың негізгі бағыты, сол өзгерістермен әріптестерімізді таныстырып, болашақ референдумға дайындық жұмыстары нақты осы қолданыстағы заң шеңберінің аясында болуы керек.